Бүгін ауа сапасы нашарлайтын қалалар тізімі анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін еліміздің бес қаласында жайсыз меторологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

8 қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: pixabay.com

— 2025 жылғы 20 наурызда Қарағанды, Балхаш, Теміртау, Ақтөбе, Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Еске салсақ, бұдан бұрын Алматы мен Жезқазған қалаларында ауа ластанатыны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар