05:40, 13 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Бүгін ауа сапасы тек бір қалада нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 2025 жылғы 13 желтоқсанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы қаласында болжанған, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, синоптиктер 13 желтоқсанда қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жариялады.