06:42, 27 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Бүгін бес қалада ауа ластанады
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

— 2024 жылғы 27 желтоқсанда Алматы, Ақтөбе, Орал, Өскемен, Жезқазған қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Еске салсақ, бұған дейін он қалада ауа сапасының нашарлайтынын жазған едік.