07:30, 30 Мамыр 2025 | GMT +5
Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

– 2025 жылғы 30 мамырда Ақтөбе, Павлодар, Алматы қалаларында, түнде Қостанай мен Астана қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Өскемен қаласындағы зауыттардың бірінде ауаға тарайтын зиянды қалдықтар мөлшері рұқсат етілген шектен асып кеткені анықталды.