05:16, 16 Маусым 2025 | GMT +5
Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Қазақстанның бес қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.

— 2025 жылғы 16 маусымда Қарағанды, Теміртау, Алматы, Астана, түнде Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, синоптиктер 16 маусымда еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық болатынын ескертті.