Бүгін бес қалада ауа сапасы төмендейді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Қазақстанның 5 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.  

Ауа сапасы
Фото: Pixabay.com

— 2025 жылғы 24 ақпанда Өскемен, Семей, Риддер, Алматы, Қарағанды қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген мамандар болжамында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұдан бұрын еліміздің шығысында ауа сапасы нашарлайтынын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар