Бүгін бес қалада ауа сапасының нашарлайтыны белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

экология, ауа сапасы
Фото: Рixabay.com

«2 наурызда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Атырау қалаларында күтіледі», делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Алматыда ақпан айында 600-ден астам автокөлік экологиялық норманы бұзған.

Ал Өскеменде екі күн қатарынан ауа ластанып тұрды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум