03:16, 04 Қазан 2025 | GMT +5
Бүгін бес қалада метеорологиялық жағдай қолайсыз болады
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

– 2025 жылғы 4 қазанда Орал, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды қалаларында қолайсыз ауа райы күтіледі, - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, «Қазгидромет» РМҚ 2-4 қазанға жасалған ауа райы болжамын жариялады.