06:19, 14 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Бүгін бір қалада ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM - «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 14 желтоқсанда Алматы қаласында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы болуы мүмкін.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.