Бүгін бір мегаполисте ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

8 қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: pixabay.com

Синоптиктердің болжамы бойынша, 21 қаңтарда Алматы қаласында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы болуы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұған дейін Алматыда ауа сапасын ластайтын басты факторлар қандай екенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар