Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM - «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

8 қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: pixabay.com

– 2024 жылғы 20 қаңтарда Алматы қаласында және түнде Атырау қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, кеше осындай экологиялық ахуал Алматыда тіркелді

Соңғы жаңалықтар