Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

ауа сапасы
Фото: Kazinform

- 2025 жылғы 28 мамырда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Ақтөбе, Алматы қалаларында күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, ғаламдық жылыну әйелдер арасында қатерлі ісік жағдайларын көбейтті.

Соңғы жаңалықтар