Бүгін екі қалада ауа сапасы төмендейді

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Бүгін 6 қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: freepik.com

— 2025 жылғы 2 тамызда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе, түнде Атырау қалаларында күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, 2 тамызда бүкіл әлем алты минутқа қараңғылыққа шомады деген қауесет интернетте тарап жатыр. Мұндай оқиға тағы жүз жыл бойы қайталанбайды деген де болжам бар.

Бұл ақпарат белгілі бір деңгейде шындыққа жанасады — бұл күні расында да ерекше астрономиялық құбылыс болады.

Соңғы жаңалықтар