Бүгін екі қалада ауа сапасы төмендейді

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Ауа сапасы
Фото: Pixabay.com

— 2026 жылғы 14 қаңтарда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы қаласында, түнде Қостанай қаласында болжанған, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, бүгін Астана мен 13 өңірде күн райына байланысты ескерту жарияланды. Біраз аймақта боран соғып, тұман, көктайғақ болады. 

Соңғы жаңалықтар