Бүгін елімізде футболдан Лига кубогы турнирі басталады

Бүгін елімізде футболдан Лига кубогы турнирі басталады
Фото: pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Лига кубогы турнирі басталады. Алғаш рет жалауын көтеретін турнирде 16 команда 4 топта сынға түсіп, әрқайсысы 3 ойыннан өткізеді.

Бүгін, 25 мамырда В және С топтарында ойындар болады. В тобында сағат 17:00-де «Жеңіс» (Астана) мен «Тобыл» (Қостанай), 20:00-де «Ақтөбе» мен «Қайсар» (Қызылорда) шеберлік байқасады.

Сондай-ақ С тобында 17:00-де «Атырау» мен «Ордабасы» (Шымкент), 20:00-де «Елімай» (Семей) мен «Тұран» (Түркістан) кездеседі. 

Ертең, 26 мамырда D тобында 17:00-де «Жетісу» (Талдықорған) мен «Астана», 18:00-де «Каспий» (Ақтау) мен «Шахтер (Қарағанды) сынға түседі.

Ал, А тобында 20:00-де «Тараз» бен «Қызылжар» (Петропавл), «Қайрат» (Алматы) пен «Ақжайық» (Орал) командалары ойнайды. 

Топтық кезең ойындары 25-26 мамыр, 6-7 шілде, 20-21 шілде күндеріне белгіленген.

Одан кейін жартылай финалда 10-11 тамыз бен 30 қазанда А мен В, С мен D топтарының жеңімпаздары кездеседі. 

Жартылай финалда 10-11 тамыз бен 30 қазанда кездеседі. Финал 24 қарашаға жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар