Бүгін еліміздегі екі қаланың ауа сапасы нашарлауы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Бүгін бір мегаполисте ауа сапасы нашарлайды
Фото: Александр Павский/Kazinform

«2025 жылғы 31 желтоқсанда Алматы қаласында және түнде Атырау қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі», делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Алматыда экологиялық шектеулері бар аймақ белгіленді. Алматыда қалалық мәслихаттың кезектен тыс өткен XL сессиясында Алматы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын бекіту жобасы таныстырды.

Соңғы жаңалықтар