Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM – Синоптиктер еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Кazinform «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Бүгін 10 қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Kazinform

«2025 жылғы 26 қазанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қостанай, Көкшетау, Өскемен, Семей, Риддер, Орал, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Атырау, Астана қалаларында», делінген «Қазгидромет» РМК-нің хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, бұған дейін 26 қазанда бірқатар өңірде тұман түсіп, өрт қаупі артатынын жаздық.

Сонымен қатар Батыс Еуропаға «метеобомба» қаупі төніп келе жатқанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар