03:30, 24 Наурыз 2026 | GMT +5
Бүгін еліміздің 5 қаласында ауа сапасы төмендейді
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 24 наурызда Қостанай, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе түнде Атырау қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, еріктілер қазақстандықтарды «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын қолдауға шақырды.