03:23, 06 Сәуір 2026 | GMT +5
Бүгін еліміздің 6 қаласында ауа сапасы төмендейді
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 6 сәуірде Теміртау, Қарағанды мен Астана қалаларында, түнде Атырау, Қостанай және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бұған дейін Қазгидромет елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады.