Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бүгін еліміздің 8 қаласында ауа сапасы нашарлайды – Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

ауа сапасы, экология
Фото: Pixabay

10 тамызда Жезқазған, Алматы қалаларында, түнде Астана, Атырау, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Петропавлда өткір жағымсыз иіс пайда болып, тұрғындардың мазасын қашырды.

Ал Орал тұрғындары полигон түтінінен тыныс алу қиындағанын айтып шағымданды.

Сондай-ақ Алматыда биыл 42 жүк көлігі айыппұл тұрағына қойылды.