Бүгін еліміздің 8 қаласында ауа сапасы төмендейді

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды
Фото: Freepik

— 1 сәуірде Петропавл, Павлодар, Атырау, Өскемен, Риддер, Семей, Алматы және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Еске сала кетейік, Өскеменде экологиялық талаптарды сақтамаған кәсіпорынға 20 млн теңге айыппұл салынды.

 

Соңғы жаңалықтар