Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСИАНА. KAZINFORM - 9 қазанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, Атырау Ақтау, Ақтөбе және Орал қалаларында, түнде Жезқазған қаласында күтіледі.

Ауа сапасы
Фото: Magnific.com

Бұл турлы Қазгидромет хабарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Осыған дейін 9 қазанда ауа райының күрт құбылатыны туралы жаздық.