Бүгін еліміздің барлық қаласында ауа сапасы талапқа сай — синоптиктер болжамы

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Еліміздің барлық қаласында ауа сапасы талапқа сай — синоптиктер болжамы
Фото: Freepik

– 2026 жылғы 16 сәуірде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілмейді, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Ташкентте Қазақстанның Халықаралық Аралды құтқару қорындағы төрағалығы жоғары бағаланды.

Атырау облысында сарқынды суды рұқсат етілмеген жерге төккен мекеме басшылығы жазаланды.