Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

экология, ауа сапасы
Фото: Рixabay.com

«7 наурызда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Атырау және Балқаш қалаларында күтіледі», делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Алматыда 2030 жылға дейінгі дендрологиялық жоспар әзірленіп жатыр.

Ал Шымкент еліміздегі ауасы ең көп ластанған 10 қаланың қатарына енді. Дегенмен синоптиктер 6 наурыз күні еліміздің барлық қаласында ауа сапасы талапқа сай екенін хабарлады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум