Бүгін еліміздің қай қалаларында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

ауа сапасы, экология
Фото: Pixabay.com

«2026 жылғы 4 ақпанда Қарағанды, Теміртау қалаларында, түнде Астана қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі», делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Өскеменде ауаға тараған 3 зиянды заттың мөлшері шекті деңгейден асқаны анықталды.

Алайда қаладағы қолайсыз метеорологиялық жағдай аяқталғанымен, ауа сапасы әлі де көңіл көншітпей отыр.

Соңғы жаңалықтар