Бүгін еліміздің 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Алматы, смог, түтін, экология, ауа сапасы
Фото: Александр Павский/Kazinform

«2025 жылғы 16 қазанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе,  Алматы және Павлодар қалаларында күтіледі», делінген «Қазгидромет» РМК-нің хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) — атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді табиғи факторлардың (тыныш ауа райы, баяу жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Мұндай жағдайда елді мекендердегі ауа сапасы нашарлап, адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Атмосфералық ауаның ластану деңгейінің қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі — синоптикалық жағдайдың (желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.

Бұған дейін алдағы күндері еліміздің біраз өңірінде ауа райына солтүстік антициклон әсер ететіні хабарланған.

Соңғы жаңалықтар