07:31, 23 Ақпан 2026 | GMT +5
Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасының нашарлайтыны белгілі болды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
«2026 жылғы 23 ақпанда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы, Орал, Ақтөбе қалаларында күтіледі», делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Риддердегі кәсіпорында экологиялық талаптарды бұзудың 5 фактісі анықталды.
Ал Үкіметте экологиялық қауіпсіздік конституциялық басымдық ретінде бекітілетіні айтылды.