Бүгін елорда мен тағы 6 қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

ауа сапасы
Фото: Freepik

— 2026 жылғы 10 қаңтарда Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Алматы, Астана қалаларында қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, синоптиктер 10 қаңтар күні Қазақстанның 14 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Соңғы жаңалықтар