Бүгін Еуропа лигасында жартылай финал ойындары басталады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін UEFA Еуропа лигасы жарылай финалының алғашқы ойындары өтеді. 

Бүгін Еуропа лигасында жартылай финал ойындары басталады
Фото: UEFA.com

Жарыстың бұл сатысында «Брага», «Фрайбург», «Ноттингем Форест» және «Астон Вилла» командалары сынға түседі. Төрт команда екі жұп бойынша өзара мықтыны анықтайды. Жеңімпаз команда финалға жолдама алады.

Ойындар кестесі

«Брага» (Португалия) – «Фрайбург» (Германия)

«Ноттингем Форест» (Англия) – «Астон Вилла» (Англия)

Бұл ойындар арасынан «Ноттингем Форест» (Англия) пен «Астон Вилла» (Англия) кездесуі Қазақстан уақытымен 23:50-де «Qazsport» тееларнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Еуропа лигасы қазіргі атауымен 2008 жылдан бері ұйымдастырылып отыр. Бүгінге дейін испаниялық «Севилья» жеті (2006, 2007, 2014, 2015, 2016, 2020, 2023) мәрте жеңіс тұғырына көтерілді.

Жартылай финал 30 сәуір және 7 мамыр күндері, ал финал 20 мамырда Түркияның Ыстанбұл қаласындағы «Бешикташ» стадионында өткізіледі.

Айта кетсек, бұдан бұрын 28 және 29 сәуірде футболдан UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалында екі кездесу өтті. Бұл ойында «Атлетико Мадрид» (Испания) пен «Арсенал» (Англия) 1:1 есебіне қанағат білдірсе, франциялық «Пари Сен-Жермен» клубы Германияның «Бавариясын» 5:4 есебімен жеңді.

Соңғы жаңалықтар