Бүгін футболдан Әйелдер лигасында ХХ турдың бес ойыны өтеді
АСТАНА. KAZINFORM — Бұл турдағы бес ойын бүгін өткізілсе, екеуі 3-4 қыркүйек күні болады.

Қазір шымкенттік БИІК, «Ақтөбе», «Томирис-Тұран» командалары үздік үштікте келеді.
Сондықтан олар бүгінгі ойында жеңіске жетуге бар күшін салатыны анық.
Ойын кестесі:
1 қыркүйек
«Жеңіс» (Астана) — «Қызылжар» (Петропавл)
«Оқжетпес» (Көкшетау) — «Елімай» (Семей)
«Атырау» — «Қайрат» (Алматы)
«Тобыл» (Қостанай) — «Ұлытау» (Жезқазған)
«Қайсар» (Қызылорда) — «Астана»
3 қыркүйек
«Жетісу» (Талдықорған) — БИІК (Шымкент)
«Томирис-Тұран» (Шымкент) — «Ақтөбе»
Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан биыл әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.
Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр.
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық БИІК футболдан әйелдер арасындағы UEFA Еуропа кубогына жолдама алды.