Бүгін футболдан ел біріншілігі қайта жалғасады

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, 30 наурызда футболдан Қазақстан Премьер-лигасының үшінші туры басталаып, доп додасы қайта жалғасады.

премьер лига
Фото: qfl.kz

Ел құрамасының Ұлттар лигасы плей-офф сатысындағы ойындарына байланысты біріншілікте аздаған үзіліс болды.

Үш аптадан астам уақыттан кейін ол қайта жалғасады.

Бүгін, 30 наурызда үшінші турдың екі ойыны өткізіледі.

Алдымен 14:00–де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Тұран» (Түркістан) командалары кездессе, 16:30–де «Атырау» мен «Жетісу» (Талдықорған) шеберлік байқасады. 

Ал 31 наурызда 14:00–де «Кызылжар» (Петропавл) мен «Тобыл» (Қостанай), «Ақтөбе» мен «Жеңіс» (Астана) ойнаса, 16:30–де «Астана» мен «Елімай» (Семей) жасыл алаңға шығады.

Аталған турды 19:00–де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қайрат» (Алматы) түйіндейді.

Бұл турдың ойындарын «Qazsport», «Q Football», «Q Arena» телеарналары мен QFL.KZ сайтында тамашалауға болады. 

Айта кетсек, алғашқы екі турдан кейін 6 ұпаймен «Тобыл» мен «Астана» көш басында келеді.

Одан кейінгі орында «Ордабасы» 4 ұпаймен тұр.  

Соңғы жаңалықтар