Бүгін футболдан Еуропа лигасының финалы өтеді
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан UEFA Еуропа лигасының финалында «Аталанта» (Италия) мен «Байер» (Германия) кездеседі.

Кездесу «Qazsport» телеарнасынан 22 мамыр 23:50-де да тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін екі мәрте кездесті. 2022 жылы Еуропа лигасы 1/8 финалында германиялық клуб қарсыласына 0:1, 2:3 есебімен есе жіберді.
«Аталанта» қазірге дейін ешқандай еурокубок ойындарында топ жарған жоқ.
Ал «Байер» биыл өз тарихында тұңғыш мәрте ел чемпионы атанды. 2001/2002 жылдарда UEFA Чемпиондар лигасы финалында Испанияның «Реал Мадрид» клубына 1:2 есебімен есе жіберді.
Бүгінгі ойынға жарақат алып қалуына байланысты «Аталанта» сапында Мартен де Рон қатыса алмайды. Ал «Байер» футболшылары алдағы кездесуге барлығы дайын.
Финал Ирландия астанасы Дублин қаласындағы «Авива» стадионында өткізіледі.
Ал 29 мамырда Конференция лигасы финалында «Фиорентина» мен «Олимпиакос» кездеседі.
Сондай-ақ, 1 маусымда Чемпиондар лигасы финалында «Реал Мадрид» (Испания) мен «Боруссия Дортмунд» шеберлік байқасады.