Бүгін футболдан Конференция лигасының финалы өтеді
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан UEFA Конференция лигасының финалында «Олимпиакос» (Грекия) мен «Фиорентина» (Италия) кездеседі.
Кездесу «Qazsport» телеарнасынан 29 мамыр 23:50-де тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда өз тарихында тұңғыш мәрте кездесіп отыр.
«Олимпиакос» алдымен Еуропа лигасы топтық кезеңінде Англияның «Вест Хэм Юнайтед» (2:1, 0:1), Германияның «Фрайбург» (2:3, 0:5), Сербияның ТСЦ (2:2, 5:2) клубтарымен ойнады.
Өз тобында үшінші орынға тұрақтаған клуб Еуропа лигасы плей-офф сатысында Венгрияның «Ференцварош» (1:0, 1:0), Израильдің «Маккаби Тель-Авив» (1:4, 6:1), Түркияның «Фенербахче» (3:2, 0:1, пенальтиден 2:3), Англияның «Астон Вилла» (4:2, 2:0) клубтарын орта жолда қалдырды.
Ал «Фиорентина» Конференция лигасындағы топтық кезеңде Венгрияның «Ференцварош» (2:2, 1:1), Сербияның «Чукарички» (3:1, 1:0), Бельгияның «Генк» (2:2, 2:1) клубтарымен кездесті.
Жарыстың келесі сатыларында Израильдің «Маккаби Хайфа» (4:3, 1:1), Чехияның «Виктория
Пльзень» (0:0, 2:0), Бельгияның «Брюгге» (3:2, 1:1) клубтарынан басым түсті.
Финал Грекия астанасы Афины қаласындағы «OPAP Arena» стадионында өткізіледі.
Сондай-ақ, енді 1 маусымда Чемпиондар лигасы финалында «Реал Мадрид» (Испания) мен
«Боруссия Дортмунд» шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Италияның «Аталанта» командасы Еуропа лигасының жеңімпазы атанды.