Бүгін футболдан жолдастық кездесуде Қазақстан мен Армения құрамалары ойнайды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, 7 маусымда футболдан Қазақстан және Армения құрамалары арасында жолдастық кездесу өтеді.

футбол
Фото: ҚФФ

Ойын Армения астанасы Ереван қаласындағы Вазген Саркисян атындағы республикалық стадионда өтеді.

Кездесу сағат 23:25–те Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Жолдастық кездесуде грузиялық Гога Кикачеишвили бастаған төрешілер бригадасы қызмет атқарады.

Екі құрама қазірге дейін жеті мәрте өзара кездесті. Оның төртеуінде Армения жеңіске жетсе, екеуінде Қазақстан басым түсті. Бір ойында тең нәтиже тіркелді.

ФИФА рейтингісінде Қазақстан 103-орында тұрса, Армения 95-орында келеді. 

Бұл ойында Қазақстан құрамасы бас бапкері міндетін қазақстандық маман Руслан Балтиев атқарады. 

Сондай-ақ ел құрамасы 11 маусымда Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізеді.

Еске салсақ, УЕФА Ұлттар лигасының 2024/25 маусымында Қазақстан В лигасында Австрия, Норвегия және Словения құрамаларымен бірге үшінші топта ойнайды.

Айта кетсек, маусым айының басында Станислав Черчесов футболдан Қазақстан құрамасы бас бапкері қызметіне тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар