Бүгін футзалдан Қазақстан кубогының финалы өтеді
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін 28 желтоқсанда футзалдан Қазақстан кубогы финалында алматылық «Ақтөбе» мен «Семей» командалары кездеседі.
Бұл ойын Қазақстан уақытымен 18:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Жартылай финалда «Ақтөбе» алматылық «Қайратты» 5:4 есебімен тізе бүктірсе, «Семей» «Атыраудан» 4:3 есебімен басым түсті.
Командалар алдымен топтық кезеңде сынға түсті. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша әр топтың үздік командалары келесі кезеңге жолдама алды. Одан ширек финал ойындары өтті.
Қазақстан кубогы 1996 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Содан бері «Қайрат» он тоғыз мәрте кубокты төбесіне көтерсе, олардан басқа қарағандылық «Тұлпар», ақтаулық «Мұнайшы», «Ақтөбе» және өзге клубтар жеңімпаз болды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Алматының «Қайрат» клубы футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында қай командамен кездесетіні белгілі болды.