Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлауы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.  

Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: freepik.com

— 2025 жылғы 25 желтоқсанда Алматы, Павлодар, Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары болжанған, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Осыған дейін Қазақстанның 15 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланғаны туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар