05:24, 05 Қаңтар 2026 | GMT +5
Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 2026 жылғы 5 қаңтарда Атырау, Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары болжанған, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, синоптиктер 5 қаңтарда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.