Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 10-тур ойындары басталады
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 10-туры басталады.

Аталған тур 24 және 25 мамыр күндері өтеді. Сенбіде 3 ойын болса, жексенбіге 4 кездесу белгіленген. Бүгін сағат 18:00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Оқжетпес» (Көкшетау) турдың алғашқы кездесуін өткізеді. Одан кейін 19:30-дa «Ордабасы» (Шымкент) мен «Ұлытау» (Жезқазған), «Астана» мен «Жеңіс» (Астана) шеберлік байқасады.
Ал 25 мамырда 16:00-де «Жетісу» (Талдықорған) мен «Ақтөбе», одан кейін 18:00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Елімай» (Семей), «Атырау» мен «Қайсар» (Қызылорда) ойнайды.
Аталған турды 20:00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Тобыл» (Қостанай) түйіндейді.
Айта кетсек, қазірге дейін көш басында 25 ұпаймен «Ақтөбе» келеді. Одан кейінгі орындардағы «Қайраттың» 23, «Астананың» 21 ұпайы бар.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан бірінші лигада «Алтай» қатарынан үшінші мәрте жеңіске жетті.