Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Тоқаев
Фото: Ақорда

 АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Еліміздің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалатын жиын санаулы сәттен кейін басталады»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, 5-ақпан күні Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» жарлыққа қол қойды.

Президент кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли Үкімет басшысын тағайындау рәсімі жөнінде пікір білдірді.

Мемлекет басшысына «Amanat» партиясының атынан Премьер-Министрдің кандидатурасы ұсынылды.

Президент Парламенттегі партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті.

Мәжіліс депутаттары Премьер-Министр лауазымына Олжас Абайұлы Бектеновті тағайындауға келісім берді.

Сондай-ақ, еліміздің 13-ші Премьер-Министріне бірқатар міндет жүктелді.

Соңғы жаңалықтар