Бүгін өңірлерде ауа сапасы төмендемейді

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

погода, снег, қар, ауа райы
Фото: Александр Павский / Kazinform

— 2025 жылдың 17 желтоқсанында ауаның ластануына қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болмайды, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, бүгін ел тұрғындарына бұрқасын, тұман, көктайғаққа қатысты ескерту жасалды.

Соңғы жаңалықтар