Бүгін өңірлерде ауа сапасы төмендемейді

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

Ауа сапасы
Фото: Pixabay.com

— 2026 жылғы 1 қаңтарында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілмейді, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұған дейін жаңа жылдың алғашқы күні ауа райы қандай болатыны туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар