Бүгін Өзбекстанда екі рет жер сілкінді

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Сағат 21:12–де Ташкент қаласында және Өзбекстанның басқа аймақтарында екінші рет жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.

Бүгін Өзбекстанда екі рет жер сілкінді
Фото: oxu.az

Бүгін түстен кейін эпицентрі Тәжікстанда болған жер сілкінісінен Өзбекстанның бірқатар облысында 2-3 балдық жерасты дүпмулері сезілді.

Республикалық сейсмологиялық мониторинг орталығының мәліметінше, кешке тіркелген екінші жер сілкінісінің ошағы Ауғанстанда орналасқан. Оның магнитудасы — 6 балл. Салдарынан Өзбекстанның 8 өңірі мен астанасында күші 3 балға дейін жететін жерасты дүмпулері сезілді.

Айта кетейік, Ауғанстандағы жер сілкінісінің дүмпуі Қазақстанда да сезілді.

Еске салайық, биыл Өзбекстан жер сілкінісін жасанды интеллект арқылы болжау тәжірибесін енгізеді.

Соңғы жаңалықтар