Бүгін Премьер-лигада «Жеңіс» пен «Қайрат» кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты 20-турында «Жеңіс» пен «Қайрат» командалары кездеседі.

футбол
Фото: Pixabay

Бұл ойын елорда уақытымен 19:00-ге белгіленген. Ойын Sport Plus Qazaqstan телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Кездесу екі команда келісімімен мерзімінен бұрын өткізіліп отыр.

Қазір турнир кестесінде «Қайрат» 20 ұпаймен көш басында тұрса, «Жеңіс» 5 ұпаймен оныншы орында келеді.

Бұл матчтан кейін сегізінші тур басталады. Үш ойын 10 мамырға белгіленсе, 11 мамырға үш кездесу белгіленген.

10 мамырда 15.00-дe «Қызылжар» (Петропавл) мен «Ұлытау» (Жезқазған) жасыл алаңға шығады. Осы күні 18.00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Атырау», 19.00-дe «Астана» мен «Тобыл» (Қостанай) кездеседі.

Сондай-ақ 11 мамырда 15.00-дe «Жетісу» (Талдықорған) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) ойнаса, 17.00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қайсар» (Қызылорда), 19.00-дe «Ақтөбе» мен «Елімай» (Семей) шеберлік байқасады.

Ойындарды «Qazsport» және «Sport Plus Qazaqstan» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Еске салсақ, өткен турда Қазақстан Премьер-лигасы тарихындағы тұңғыш әйел төреші Эльвира Нұрмұстафина мансабын аяқтады.

 

Соңғы жаңалықтар