06:44, 14 Тамыз 2025 | GMT +5
Бүгін республика бойынша экологиялық ахуал жақсарған
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

— 2025 жылғы 14 тамызда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілмейді, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Осыдан бұрын еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлағаны хабарланды.