05:29, 17 Қаңтар 2026 | GMT +5
Бүгін солтүстік пен шығыс өңірлерде ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 2026 жылғы 17 қаңтарда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Көкшетау, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, түнде Петропавл қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, ертең кейбір өңірлерде ауа температурасы 45 градусқа дейін төмендейді.