Бүгін тағы да Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы төмендейді
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
– 30 тамызда Алматы, Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, экожүйелерді қалпына келтіру, парниктік газдардың сіңірілуін ұлғайту, көміртек бірліктерін қалыптастыру мақсатында еліміз 100 мың гектар жасанды орман құру жобасын бастайды.
Ал жуырда Алматыда тексерілген әр төртінші көлік экологиялық нормаға сәйкес келмейтіні анықталды.
Сондай-ақ Қарағандыда Топар МАЭС-іне 8 млн теңгеден астам айыппұл салынғанын жаздық.