Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 23 қазанда Ақтөбе қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, 23 қазанда Қазақстанның 15 облысы мен Алматы қаласында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Елдің бірқатар өңірінде ауа райы күрт нашарлайды.
Бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспардан тыс тексеру экологиялық талаптардың бұзылуын анықтады.
Еске салайық, Шығыс Қазақстандағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды.