Бүгін төрт қалада ауа ластанады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстанның төрт қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.

ауа сапасы
Фото: Gazeta.uz

- 2025 жылғы 22 мамырда Өскемен, Семей, Риддер, Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Осыған дейін ауа сапасы нашарлаған қалалар саны үш есе артқаны туралы хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар