Бүгін төрт қалада ауа ластанады

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Қазақстанның 4 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет».  

Ауа сапасы
Фото: Pixabay.com

— 2025 жылғы 14 маусымда Өскемен, Ақтөбе, түнде Астана, Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұдан бұрын хабарланғандай, кеше Өскемен, Астана, Атырау қалаларында ауа сапасы төмендеген.

Соңғы жаңалықтар