Бүгін төрт қалада ауа ластанады — Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 21 наурызда ауа сапасы нашарлайтын қалалар тізімін жария етті.

Загрязнение воздуха
Фото: pixabay.com

— 2025 жылғы 21 наурызда Теміртау, Ақтөбе, Шымкент, Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Осыдан бұрын ауасы ластанған қалалар тізімі анықталғанын жазған едік.

 

 

Соңғы жаңалықтар